Қазақстан туралы бейнеролик PATA Gold Awards-та жеңіске жетті

Басты бет Жаналықтар Қазақстан туралы бейнеролик PATA Gold Awards-та жеңіске жетті
Басты бет Жаналықтар Қазақстан туралы бейнеролик PATA Gold Awards-та жеңіске жетті
Қазақстан туралы бейнеролик PATA Gold Awards-та жеңіске жетті

Бүгін PATA Travel Mart 2020 шеңберінде өткізілетін беделді Pata Gold Awards премиясында "Үздік тревел-видео" номинациясында "Kazakh Tourism" ҰК мен Photosafari Group ұйымдастырған "Travelstan" ролигі жеңіске жетті.

Бұл роликтің негізгі мақсаттары туристерді Қазақстанға тарту және саяхатшыларға Қазақстанның сұлулығы мен туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру ғана емес, сонымен қатар "-стан" жұрнағымен жағымсыз ассоциацияны жою әрекеті болды. Бейне ролик жиынтық әлеуетті қамту 480 миллионнан астам қаралым болатын халықаралық арналарда, сондай-ақ "Air Astana" авиакомпаниясы ұшақтарының борттарында және басқа да жаңалықтар порталдарында көрсетілді.

PATA Gold Awards 2020 - жыл сайынғы жүлде, оның мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саяхат және туризм саласындағы үздік жетістіктерді анықтау болып табылады. 2020 жылы жүлде бүкіл әлем бойынша 62 ұйым мен жеке тұлғалардың 121 өтінімдер арасында ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды әртүрлі бағыттағы 16 кәсіпқойдан тәуелсіз төрешілер комитеті таңдады.

Әріптестерімізді лайықты бағаланған жемісті жұмысы үшін құттықтаймыз және біздің ортақ ісімізде одан әрі табыстар тілейміз!

Достар, сізгк ең жақсы болған бейне роликпен танысуға кеңес береміз.

https://www.youtube.com/watch?v=hbVTLsf7r9k