«Very nice» - жарнамаға арналған жаңа слоган

Басты бет Жаналықтар «Very nice» - жарнамаға арналған жаңа слоган
Басты бет Жаналықтар «Very nice» - жарнамаға арналған жаңа слоган
«Very nice» - жарнамаға арналған жаңа слоган

«Борат»  фильмнің кейіпкері «Very nice» cөзін Ұлттық Компания "Kazakh Tourism" ҰК АҚ  жарнамалық слоганы ретінде қолданды.

"Борат" алғашқы нұсқасы қазақстандықтардың наразылығын тудырды, сондықтан Үкімет тарапынан оны 2006 жылы көрсетуіне тыйым салынған болатын.  Себебі бейнеде мемлекетті әшкерлеумен қатар, сыйластықсыз бейнеленген.

Жақын арада"Борат -2" премьерасы көрсетілгендіктен, туризм саласындағы ұлттық компания бұл мүміншілікті елімізді алға тарту маркетингі ретінде қабылдады.  Нәтижесінде, мемлекетіміздің пейзаждары мен мәдениеті  бірнеше қысқа жарнамалық хабарландыруларда жариялады.

Акция төрт жарнамалық бейнероликтен тұрады, онда туристер жергілікті тағамдарды мен асқар тауларды, кең жазық дала мен құм төбелерді, әсем көлдер мен әртүрлі ұлттан құралған ақкөңіл, ақжүрек жандар мекендейтін заманауи қалалар көрсетілген. Бейнебаянда  ең маңыздысы Бораттың «Very nice!» сөзі қолданылған.

Әлеуметтік желі ұстанушылары  керемет әсерде қалды, көпшілігі бұл тәсілді қолдауда. Қазақстанның туризм саласын дамытумен қатар, АҚШ пен Еуропадан келетін туристер санын  жоғарлататына сенеміз!

Біз Сіздерге осы бейнебаянды ұсынамыз. Kazakh Tourism, «Very nice!».

https://www.youtube.com/watch?v=eRGXq4t9wY4&app=desktop