#VenuesNS: «Барыс Арена»

Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: «Барыс Арена»
Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: «Барыс Арена»
#VenuesNS: «Барыс Арена»

Бүгін #VenuesNS айдарында «Барыс Арена» спорт кешенінің конгрестік мүмкіндіктерін ұсынамыз

«Барыс Арена» - бұл көпфункционалды спорт кешені, ауданы 86 773 ш.м. құрайды, мұнда әр түрлі спорт жарыстарын ғана емес, концерттер, форумдар, іскерлік және басқа да ресми іс-шаралар өткізіледі.

Сарайдың негізгі мұз аренасына 12 000 көрермен сыяды және ол шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңына немесе шығармашылық сахнаға айнала алады.

Хоккей матчтарын, концерттер мен шоуларды барынша ыңғайлы көру үшін кешеннің 4 қабатында әрқайсысы 12 адамнан тұратын 60 VIP кабина және 2 Президенттік VIP зал орналасқан.

Спорттық, іскерлік, ресми және басқа да іс-шараларға арналған конференциялар мен кездесулер ауданы 200 ш.м. және сыйымдылығы 200 адам болатын Press zone-да өтеді (пандемияға дейін, қазір санитарлық-эпидемиологиялық талаптар аясында сыйымдылық азайды).

Бассейн («Barys Arena Pool») FINA ережелеріне сәйкес ұзындығы 50 метр және ені 25 метр 10 жолға бөлінген, сонымен қатар мұнаралармен және трамплиндермен жабдықталған секіру бассейні бар, бұл жүзу, суға секіру, су добы бойынша халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Мекен-жайы: Тұран даңғылы, 57
Байланыс телефоны: +7 (7172) 61-34-41
Спорт кешені бойынша 3D-тур сілтемесі қолжетімді: https://www.nursultancb.com/VR/BarysArena/index.html#pano17206/29.3/10.1/90.0