UNWTO есебі: Туризмді қайта бастауға арналған Вакцинация

Басты бет Жаналықтар UNWTO есебі: Туризмді қайта бастауға арналған Вакцинация
Басты бет Жаналықтар UNWTO есебі: Туризмді қайта бастауға арналған Вакцинация
UNWTO есебі: Туризмді қайта бастауға арналған Вакцинация

БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) есебіне сәйкес, әлемдік экономика пандемияға байланысты 2020 және 2021 жылдары 4 трлн долларға дейін жете алмауы мүмкін, бірақ олар 2021 жылдың екінші жартысында халықаралық сапарлардың көбеюіне болжап отыр. Сонымен қатар, көптеген тұрғындары COVID-19 вакцинациясын алатын және ұжымдық иммунитетті дамыған елдер саланы қалпына келтірудің үлкен мүмкіндігіне ие болатының мілімдейді.

Аталған есебтің деректеріне байланысты халықты вакцинациялаудың ең төменгі деңгейі бар елдерде көбінесе кіру шектеулерінің ең көп саны бар екенін көрсетті, бұл халықты вакцинациялау жылдамдығы мен шектеулерді алып тастау арасындағы тікелей корреляцияны көрсетеді.

Халықты вакцинациялаудың жоғары қарқынының арқасында туризм секторы тезірек қалпына келетін мемлекеттердің мысалы ретінде Франция, Германия, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ аталды. Азия мен Африканың бағыттары ұзақ уақыт бойы вакцинацияның төмен пайызына байланысты саяхатшыларға сенім деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

UNWTO болжамына сәйкес, 2021 жылы әлемдік туризмге қатысты жағдай үш сценарий бойынша дамуы мүмкін:

- Бірінші сценарий бойынша туристік ағын 2019 жылға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 75% - ға аз болады, бұл жағдайда туристік сектор 2,4 трлн долларды алмайды.
- Екінші нұсқа – саяхатшылардың белсенділігі 63% - ға төмендейді, ал туристік бизнес 1,7 трлн доллар пайдасын жоғалтады.
- Үшінші сценарийге сәйкес, вакцинация деңгейі салыстырмалы түрде жоғары елдерде туризмді 37% - ға және вакцинация соншалықты белсенді емес елдерде 75% - ға дейін қысқарту көзделіп отыр.

Осыған байланысты, UNWTO әлемдік туризмді қайта бастау және жақын болашақта жағымды сценарийге қол жеткізу үшін елдер азаматтар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұжымдық иммунитетті дамытуды қажет етеді деп болжайды.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылғы 22 маусымда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері ҚР қызмет көрсету саласының әрбір қызметкері вакцинациялануы және олардың нысандарына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс деген қаулыға қол қойды. UNWTO есебінде көріп отырғанымыздай, бұл барлық халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді.

Өздеріңізді  күтіп сақтауыңызды сұраймыз!

Ақпаратты келесі сілтеме арқылы таба аласыз: 
https://www.unwto.org/news/vaccines-and-digital-solutions-to-ease-travel-restrictions
https://www.unwto.org/news/global-economy-could-lose-over-4-trillion-due-to-covid-19-impact-on-tourism
https://primeminister.kz/ru/news/mvk-rekomendovala-glavnomu-sanitarnomu-vrachu-kazahstana-prinyat-ryad-dopolnitelnyh-mer-po-karantinnomu-rezhimu-2255826