Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі «Туризм индустриясында кадрлар дайындау» тақырыбында кәсіптік даярлау және туристік сала мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда туризм саласындағы мамандар елордамыздың бес жоғары оқу орны мен 11 колледжінде дайындалуда. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаевтың айтуынша, кадрларды даярлау туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі басқармасы тарапынан жүзеге асырылуда. Алайда, MICE -индустрия (Іскерлік туризм), ивент-менеджмент мамандарының, гидтердің, экскурсоводтардың, сондай-ақ қолөнершілердің өткір жетіспеушілігі орын алуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Іскерлік туризм мен кездесулер индустриясының болашақ іс-шара хабы ретінде танылуын ескере отырып, осы саланы дамыту үшін саланы білетін және түсінетін, сонымен қатар шет тілін кәсіби деңгейде білетін кадрлар қажет.
Кездесуге ҚР Туризм индустриясы комитетінің, ҚР Білім және Ғылым Министрілігі, «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ мүшелері, ірі тур компанияларының, қонақ үй бизнесінің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, «Атамекен» және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Толық ақпараты
сілтемеден көре аласыз.