Түнгі уақытта тыныштық сақтау туралы
Қазақстан Республикасында түнгі уақыт 23.00-ден 06.00 дейін. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу айыппұл салуға әкеп соғады Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 437-т.). Темекі бұйымдарын қолдануға тыйым салынады:
• - білім беру ұйымдарында, оның ішінде кәмелетке толмағандардың
демалыс орындарында;• денсаулық сақтау орындарында;
• - қоғамдық тамақтану орындарында;
• - кинотеатрларды, театрларда, циркте, концерт, көрме залдарында,
спорт ареналарында және көпшілік демалатын басқа да жабық
құрылымдарда, оның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;
• - мұражайларда, кітапханаларда, лекторияларда;
• - кіреберістерде теңіз жіне өзең көліктерінде көрсетілмеген жерлерде;
• - әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдау кезінде автобус,
микроавтобус, троллейбус, такси және қалалық рельсті көлік салонында;
• - әуежай, теміржол, автокөлік және су вокзалдары ғимараттарында;
• - мемлекеттік органдарда және ұйымдарда;
• - жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде;
• - үй кіреберістерінде.
Егер қоғамдық тамақтану орындарындаәуе кемесінің бортында,жолаушыларды тасымалдау кезінде автобус, микроавтобус, троллейбус, такси және қалалық рельсті көлік әуежай, теміржол, автокөлік және су вокзалдары ғимараттарында темекі шегуге арналған арнайы орындар болса, тыйым қарастырылмайды.
Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарына тыйымды бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-б. сәйкес әкімшілік жауаптылық қарастырылады.
Есірткі заттарының заңсыз айналымы
Есірткі, психотроптық заттар, олардық баламаларыныңзаңсыз айналымы, оның ішінде оларды қоғамдық орындарда медициналық бағытта қолдану ҚР Қылмыстық кодекстің 296 және 297 баптарымен қарастырылған қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Есірткіні өз еркімен тапсырған немесе есірткіні медициналық емес бағытта қолданумен байланысты медициналық көмекке медициналық мекемеге өз еркімен келген немесе есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды ашу мен жолын кесуге белсенді
көмек көрсеткен адам осы бапқа сәкес қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Жергілікті атқарушы органның рұқсатымен алкоголь бөліп сатылатын сауда және қоғамдық тамақтану орындардан басқа (кафе, барлар, мейрамханалар және т.б.) қоғамдық орындардаалкогольдік ішімдіктердіішуге тыйым салынады.
Адамның алкогольдік масаң күйінде қоғамдық орындарда болуызаңға қайшы деп есептеледі:
-адамның абыройына және қоғамдық ұстанымға қорлық көрсететін алкогольдік масаң жағдай (сөйлесу кезінде балағат сөздерді қолдану, олпы-солпы, салақ, киімсіз, жерде жатқан және т.б.).
-қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың (18 жасқа толмаған) алкогольдік маскаң күйінде жүруі.
Мұндай фактілер анықталған жағдайда құқық бұзушыға немесе заңды өкіліне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің К 440-б. сәйкес шаралар қолданылады. Егер адам алкогольдік масаң күйінде таза, ұқыпты, өзін лайықты ұстап, ешкіммен дауласпаса – бұл құқық бұзушылық емес. Заңмен белгіленген жауаптылық келесі әрекеттерге жол берілгенде қолданылады:
қоғамдық орындарда балағат сөйлеу;
жеке адамдарға тіл тигізу;
тұрғын үйлерді ластау;
жалпы қолданыстағы орындарды, парктерді, скверлерді, оның ішінде
белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтармен ластау;
қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын
қоршаған ортаны сыйламайтын басқа да әрекеттер.
Егер Сізге қоғамдық орындарда тиіссе?
Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіружеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449 т.)
Жаднаманы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы әзірледі