Басты бет Жаналықтар Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы
Басты бет Жаналықтар Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы

Көкшетауда Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумын қабылдауға дайындалуда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша 2020 жылғы Форумның басты тақырыбы Экология және жасыл өсу саласындағы ынтымақтастық болмақ.

Іс-шараның жоспарланған күндері - 12-13 қараша. Президенттің мәлімдеуінше, пандемияға байланысты форумды өткізу форматы әлі анықталған жоқ, алайда басшылардың кездесуі өтуі тиіс.

Өңіраралық ынтымақтастық форумы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың, іскерлік байланыстарды дамытудың және екі мемлекеттің билік пен бизнес өкілдерінің қарым-қатынасының тиімді алаңы болып табылады.

Алғашқы форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері екі елдің көшбасшылары үшін жылына бір рет кездесу дәстүрге айналды.