#VenuesNS: Rixos President Astana

Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: Rixos President Astana
Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: Rixos President Astana
#VenuesNS: Rixos President Astana

Бүгінгі #VenuesNS айдарымызда Rixos President Astana қонақ үйінің конгресс мүмкіндіктерімен таныстырамыз 

Rixos President Astana барлық халықаралық стандарттарға сай келетін, Қазақстан астанасында ашылған алғашқы қонақ үйлердің бірі. Қонақ үй кешені 184 жайлы бөлмеден тұрады.

Rixos President Astana қонақ үйінде іскерлік және туристік сапарларға барлық жағдай жасалған. Қонақ үйде іскерлік кездесулер, конференциялар мен форумдар өткізу үшін арнайы әзірленген дизайны мен функционалдығы бойынша әртүрлі конференц-залдар, сондай-ақ түрлі іс-шараларды өткізуге арналған таңдаулы және сәнді залдар бар.

Жерұйық (495 м2), Әл-Фараби (305 м2), Шаңырақ (165 м2), Орда (105 м2) және D Hall (110 м2) залдарының сыйымдылығы 20-дан 500 адамға дейін (пандемияға дейінгі көрсеткіш, қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар аясында сыйымдылығы азайтылған).

Кең және жайлы лобби жалпы сыйымдылығы 100 адамға дейін бизнес кездесулер, іскерлік келіссөздер өткізуге арналған.

Отау (17м2), Бодрум (62 м2) және Ажар (56 м2) залдары тренингтер, презентациялар, семинарлар және іскерлік кездесулер өткізуге жарамды және орташа есеппен 20 адамды сыйғызады.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 7
Байланыс телефоны: +7(7172)245050
Қонақ үй бойынша 3D-тур сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.nursultancb.com/VR/RixosPresidentAstana/index.html#pano3753/1.5/20.4/50.