#VenuesNS: Nomad City Hall

#VenuesNS: Nomad City Hall

Бүгін #VenuesNS бөлімінде Nomad City холлын ұсынамыз!

Nomad City Hall-көпфункционалды сахналық алаң. Ғимараттың жалпы ауданы 8 658, 3 шаршы метрді құрайды, оның үлкен залы 861 орынға арналған. Оның ішінде 566 орын жалпы залда, 116 орын екінші және 179 орын үшінші қабаттағы балконда орналастырылған.

Алаң мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған, сонымен қатар халықаралық конгрестер, форумдар, конференциялар, симпозиумдар, ресми кездесулер, пленарлық отырыстар, панельдік сессиялар, қабылдаулар мен банкеттер өткізуге арналған.

«Nomad City Hall» МКҚК — «EXPO-2017» көрме кешенінің аумағында орналасқан соңғы үлгідегі , паркингтен және Орталық VIP кіреберістен қол жетімді ғимарат.

 2018 жылдың 10 желтоқсанынан бастап NOMAD City Hall базасында Қазақстандағы алғашқы комедия театры болып табылатын Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ашылды.

Мекен-жайы: Мангелик Ел көшесі, 55/2 (В2. 3)
Байланыс: 8 775 284 02 96, +7 7172 33 65 82
Nomad City Hall бойынша 3D-тур сілтемесі : https://www.nursultancb.com/VR/NomadCityHall/index.html#pano17617/0.0/0.0/90.0