Бүгін #VenuesNS айдарында «Алау» мұз айдынын ұсынамыз.
Алау - бұл конькимен жүгіру спорты, хоккей, шорт-трек және мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар өткізуге арналған әлемдік деңгейдегі vұзайдыны сарайы. Жалпы ауданы 65 000 шаршы метрден асатын сарай Қазақстандағы ең көп баратын спорт нысандарының бірі болып табылады.
Сарайдың аренасы 7 462 орындық мінбелерімен 400 метрлік мұз жолынан, төрешілер алқасы залынан, әрқайсысы 1 800 м2 болатын екі хоккей кортынан, ауданы 4 200 м2 фитнес - орталықтан және ауданы 900 м2 атыс тирлерінен тұрады. Сонымен қатар, сарай қарамағында 200 м2 және орташа сыйымдылығы 80 адамға арналған баспасөз конференциялары мен көрмелер залы бар.
Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 47
Байланыс телефоны: +7 (7172) 706-722
«Алау» мұз айдыны бойынша 3D-тур сілтемесі: https://www.nursultancb.com/VR/Alau/index.html#pano16601/-5.7/8.4/78.9