#VenuesNS: Тәуелсіздік Сарайы

Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: Тәуелсіздік Сарайы
Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: Тәуелсіздік Сарайы
#VenuesNS: Тәуелсіздік Сарайы

Бүгінгі #VenuesNS айдарында Біз бірнеше іс-шара бірге өткізілген әріптестерімізбен таныстырғымыз келеді. Алдарыңызда -  Тәуелсіздік Сарайы."Тәуелсіздік Сарайы" 2008 жылы 15 желтоқсанда ресми түрде ашылды. Дамыған инфрақұрылымы, жоғары деңгейдегі техникалық жабдықталуы және сапалы менеджменті республикалық және халықаралық деңгейдегі форумдарды, кездесулерді, съездерді және басқа да іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Жалпы ауданы 40 000 м2-ден асатын, бір уақытта 7000 қонақты қабылдай алатын мекеме.

Сарай 3 қабаты функционалды бөлімдерге бөлінген.

Бірінші қабат ірі іс-шараларды өткізу үшін жабдықталған, онда:
-3000 – нан астам адамды қамтитын Конгресс-зал (ауданы-4775 м2). Конгресс залдың ерекшелігі оның жылжымалы қабырғалары болып табылады, олардың көмегімен бір уақытта бірнеше іс-шаралар өткізе аласыз;
-200 орындық Баспа-сөз орталығы (ауданы - 213,3 м2), журналистердің жедел жұмысы және баспасөз конференцияларын өткізу үшін қажетті негізгі құрал-жабдықтармен жабдықталған;
- 400 адамға арналған Салтанат залында: банкеттер, фуршеттер, шоу-бағдарламалар өтеді;
- 273 орынға дейін арналған Конференц-зал;
- Ауданы 200 м2 қамтитын сопақша зал;
-Сыйымдылығы 80 адамға дейінгі 265,3 ш.м. Премиум-холл, сонымен қатар ауданы 38 м2-ден 8-ге дейінгі және 57 м2-ден 12 адамға дейінгі жасалған бөлме орналасқан.

Сарайдың екінші қабатында қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің өнер көрсетулері өтетін өнер галереясы орналасқан.

Өзінің көлемімен таң қалдыратын Нұр-Сұлтан қаласының 2030 жылға дейін даму бас жоспарының макет залы ерекше орын алады. Макет астанамызды құс ұшар биіктіктен көруге мүмкіндік береді.

Толық ақпаратты ресми сайттан көре аласыз: http://indepalace.kz/

Мекен-жайы: Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52

Байланыс телефондар: +7 (7172) 701 391, +7 (7172) 700 380