«Visit Nur-Sultan» Қалалық Серіктестік бағдарламасы шеңберінде Comfort Astana қонақ үйінде алғашқы тексеру өтті

Басты бет Жаналықтар «Visit Nur-Sultan» Қалалық Серіктестік бағдарламасы шеңберінде Comfort Astana қонақ үйінде алғашқы тексеру өтті

«Visit Nur-Sultan» қалалық серіктестік бағдарламасына қатысушыларды іріктеу жөніндегі Комиссия - Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы» (КаГИР), «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері және де «AstanaInvest «ҚИДО» ЖШС – мен (бұдан әрі-AstanaInvest) бірлесіп, бірінші сырттай тексеруді өткіп, Comfort Astana қонақ үйінің бағдарламаға қатысушы мәртебесін тану үшін талаптарға сәйкестігін бағалады.

«Visit Nur-Sultan» қалалық серіктестік бағдарламасының негізгі мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және пандемияға байланысты шектеулерді алып тастағаннан кейін қаланы туристердің келуіне дайындау болып табылады.

Бағдарламаға қатысу - қатысуға өтінім беру арқылы, өзара ынтымақтастық қағидаттарында ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Бағдарламаның басты өкілі- AstanaInvest.

«Visit Nur-Sultan» бағдарламасына қызығушылық танытушыларға қосылуды сұраймыз және елорданың туристік саласының дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз!

Толығырақ ақпаратты электронды пошта info@nscvb.net арқылы біле аласыздар.