Нұр-Сұлтан қаласының Әкімі Алтай Көлгінов жеке Instagram парақшасында әлеуметтік желілер арқылы елорданы дамыту бойынша көптеген ұсыныстар алатынын атап өтті. Осыған орай, ұсыныстарды жүйелі түрде тәсілдеу үшін Birge сайты құрылды (http://birge-elorda.kz/nur-sultan/). осы алаңда кез келген пайдаланушы әртүрлі бағыттар бойынша өз ұсыныстары мен көзқарастарын қалдыра алады.
Туризм, экология, көгалдандыру, қоғамдық кеңістік, урбанистика – қалалық орта, көшені жарықтандыру, қауіпсіздік және т.б. бөлімдерге жеке бөлінген.
Платформада жұмыс істеу процесі қолжетімді әрі жеңіл: сайтта ұсынысты қабылдаған соң, барлық идеялар іріктеуден өтеді, ал үздіктерді қала әкімшілігі жүзеге асырады. Іріктеуді қала тұрғындары қаланы және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін ең жақсы және қажетті жобаларды анықтайтын дауыс беру жүйесі арқылы жүргізеді.