Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің бизнесті және туризмді пандемия кезеңіндегі одан әрі дамыту кеңесі

Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің бизнесті және туризмді пандемия кезеңіндегі одан әрі дамыту кеңесі
Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің бизнесті және туризмді пандемия кезеңіндегі одан әрі дамыту кеңесі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің бизнесті және туризмді пандемия кезеңіндегі одан әрі дамыту кеңесі

Бүгін, сәуірдің 2 күнінде, әкімнің төрағалығымен туризмді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңеске бизнес, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, ірі қонақ үйлер, сауда орталықтары және басқа да мүдделі компаниялардың өкілдері қатысты.

«Astana Invest» ҚИДО» ЖШС атынан Төрағасы Ержан Балтаев қатысты.

Пандемия кезеңінде бизнес үшін жұмыс режиміне және Үй-жайлар мен объектілердің толтырылуына байланысты тыйым салу және шектеу шаралары жалғасуда.

Қала әкімі дағдарысқа қарсы шаралар мен туристік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жолдары туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін пилоттық режимде Ashyq қосымшасы іске қосылды. Әкім қосымша бизнеске өз қызметін қайта бастауға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ел Президенті аталған жобаның оң тиімділігі мен ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Туризмді және жалпы экономиканы дамыту мен қалпына келтіруде халықты вакцинациялау маңызды рөл атқарады. Кең ауқымды вакциналау және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін әкім вакцинациялау мүмкіндігін тек қалалық емханаларда ғана емес, сауда орталықтарында, сондай-ақ қонақ үйлерде де қарастыруды ұсынды.

Қаланың ірі сауда нысандары мен қонақ үйлері әкімнің бұл бастамасын қолдап, барлық қажетті жағдай жасалған үй-жайларды ұсынуға әзір.