Адами капиталды және туристік өнімдер сапасын дамыту Қазақстан сияқты жаңа MICE-бағыттары үшін табысқа жетудің кілті. Қазіргі уақытта оқыту секторына және кәсіби дағдылардың өсуіне, сондай-ақ MICE-туризм мамандарының біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді.
Сондықтан "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы бүкіл Қазақстан бойынша сала кәсіпқойлары үшін MICE бойынша оқыту семинарларының сериясын ұйымдастырды. Бұл семинарларды Нұр-сұлтан қаласының Конвеншн Бюро өкілдері - Елена Махуас және Әсел Қарбаева өткізді.
Іс-шараға Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларының кәсіпқойлары қатысып, жаңа нәрселерді үйренуге мүмкіндік алды. Қатысушылар арасында PR-қызметтердің, туристік компаниялардың, қонақ үйлердің өкілдері, маркетологтар, кәсіпорын басшылары мен ивент-менеджерлер, Іскерлік туризм саласында жұмыс істейтін компаниялардың мамандары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері болды.
MICE-индустрияның негіздерінен басқа семинарларда халықаралық қауымдастықтардың іс-шараларын тарту әдістері, іскерлік кездесулерді өткізу негіздері, басқару мен сатуды оңтайландыру, сондай-ақ қазіргі заманғы үрдістер сияқты тақырыптар талқыланды. Әріптестеріміз іскерлік іс-шараларды басқару саласындағы өздерінің кәсіби тәжірибесімен және өмірлік маңызды білімдерімен бөлісті.
Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық семинарлар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.