Төтенше жағдай режимі ұзартылды

Басты бет Жаналықтар Төтенше жағдай режимі ұзартылды
Басты бет Жаналықтар Төтенше жағдай режимі ұзартылды
Төтенше жағдай режимі ұзартылды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының басшылары бейнеконференция арқылы қатысты.

Президенттің Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы 15 наурыздағы жарлығының 16 сәуірде аяқталатыны белгілі. Алайда, біздің ел коронавирустық инфекциямен аурудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқ, бұл себеппен, Мемлекет басшысы төтенше және карантиндік режимді барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда сәуір айының соңына дейін ұзартуды тапсырды.

Сондықтан дәрігерлерге COVID-19 ауруына қарсы күресте қолдау көрсету үшін карантинді сақтауды және үйде болуынызды сұраймыз. Үйде неғұрлым көп отырып аурудың таралуын болдырмасақ, біз карантин мен төтенше жағдайдан соғұрлым тез шығамыз. Шынында да, төтенше жағдай режимін жабық деп жариялау үшін, соңғы КВИ анықталған жағдайдан 14 күндік инкубациялық кезең өту қажет.

Абай болыңыз!