Туроператорларды #SafeTravels бастамасына шақыру

Басты бет Жаналықтар Туроператорларды #SafeTravels бастамасына шақыру
Басты бет Жаналықтар Туроператорларды #SafeTravels бастамасына шақыру
Туроператорларды #SafeTravels бастамасына шақыру

Пандемияның жаңа шындықтарында саяхат пен туризмнің әр саласында саланың қалпына келуін тездететін нақты және практикалық стандарттар анықталуы өте маңызды, әсіресе сапар барысында қонақтар үшін жауапкершілікті туроператорлардың маңызды рөл атқаратынын ескеру керекпіз.

Бүгін біз жергілікті туроператорларды World Travel & Tourism Council (WTTC) ұсынған #SafeTravels жаһандық бастамасына ресми түрде шақырамыз.

#SafeTravels сәйкестік белгісі туроператорлар ұсынатын қызметтер WTTC, ДДСҰ, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC), ауруларды алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталықтың (ECDC) санитарлық-гигиеналық нормалар мен қауіпсіздік стандарттарына және Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес келетіндігінің кепілі болып табылады.

#SafeTravels мақсаты - барлық тиісті функциялар бойынша стандарттардың болуын қамтамасыз ету, саяхатшылар сенетін және қауіпсіз саяхаттау үшін қажет болатын денсаулыққа көп көңіл бөлу.

Қатысу ақысыз негізде жүзеге асырылады және сертификаттау болып табылмайды, бірақ WTTC шарттары мен талаптарына сәйкестік қатаң ұсынылады.

Бағдарламаға қатысуға өтінімді біздің сайтта онлайн беруге болады: https://www.visitnursultan.kz/ru/safetravels
Туроператорларға арналған хаттама мына жерде қол жетімді: https://bit.ly/2UoDWFJ
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады info@nscvb.net.

Қауіпсіз саяхатты бірге өткізейік!