Astana Marathon Events-пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды

Басты бет Жаналықтар Astana Marathon Events-пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды
Басты бет Жаналықтар Astana Marathon Events-пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды
Astana Marathon Events-пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды

"Visit Nur-Sultan" Серіктестік бағдарламасы шеңберінде Astana Invest пен Astana Marathon Events арасында «Ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылды, оның мақсаты өңірлік және халықаралық деңгейлерде іскерлік және спорттық іс-шараларды өткізу бойынша тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Тараптар жақын арада Нұр-сұлтан қаласында әуесқой жүгіру жарыстарын дайындау мәселелерін талқылады. Astana Invest компаниясымен серіктестікте 42.2 км және 10 км қашықтықтарда ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне жүгіру жоспарланған. Қатысушыларды тіркеу ресми сайтта жүргізіледі https://www.astana42k.com/how-to-enter қатысушылар 3 және 4 қыркүйекте Astana Marathon EXPO 2021 спорт көрмесі өтетін Sheraton Nur-Sultan Hotel-де "жүгірушінің пакеттерін" ала алады.
Бұл жүгіру Astana Marathon Events ұйымдастырған алтыншы Халықаралық марафон болады, өйткені 2019 жылы Astana Marathon World Athletics Bronze Label марапатына ие болып, әлемдік атлетика ұйымы мойындаған Орталық Азиядағы алғашқы Label марафон болды.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап Astana Marathon Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group біліктілік марафондар тобына кірді.
Осы жүгірісті өткізу жемісті ынтымақтастыққа жол ашады деп шын жүректен үміттенеміз!