Бүгін Нұр-Cұлтан қаласының Конвеншн Бюросы «Astana Invest» құрылымында MICE индустриясы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша онлайн тренинг өткізді.
Спикер ретінде «MICE Knowledge» (Лондон) компаниясының басқарушы директоры - доктор Роб Дэвидсон сөз сөйледі, ол пандемия кезінде маркетингтің және қызметтерді сатудың жаңа шындықтары туралы, сонымен қатар қандай технолиялық іскерлік іс-шаралар индустриясын жандандыруға көмектесетіні туралы айтты.
Доктор Роб Дэвидсон MICE индустриясындағы білім беру қызметіне ерекше назар аударып, серіктестік қатынастарды дамыту және ынтымақтастық көкжиегін кеңейту қажеттілігі туралы идеяның маңыздылығын атап өтті.
Тренингке Нұр-Сұлтан қаласының желілік қонақ үйлері, Іскерлік туризм агенттіктері, іскерлік іс-шаралар операторлары, қауымдастықтар, кәсіби бірлестіктер мен университеттер қатысты.
Тренинг қорытындысы бойынша «сұрақ/жауап» сессиясы ұйымдастырылды, онда қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өз саласында кездесетін проблемалармен бөлісті, ең бастысы оларды шешу үшін сындарлы кеңестер алды.