Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде 20-22 қыркүйекте "Туризм" кафедрасы "Туризм" мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік олимпиаданы қашықтықтан өткізді.
Олимпиадаға қатысушылар туризм саласында SMART технологияларды қолдану мәселелері қозғалған бүгінгі күнгі өзекті жобаларды таныстырып, қорғады. Қазылар алқасының пікірінше, ұсынылған жобаларды жүзеге асыру қазіргі жағдайда отандық туризмді дамытуға қосымша серпін берер еді.
Қазылар алқасының құрамына "Astana Invest" Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Адамбеков кірді. Ол Қазақстанның туристік саласын дамытуда табысқа жете алатын UIB және Нархоз Университетінің қызықты жобаларын атап өтті.
Олимпиадаға қатысуға Қазақстанның туризм саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын 18 жоғары оқу орны, оның ішінде Қазақстан-Американдық Еркін университеті, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және т.б. өтінімдерін берді.
Олимпиа қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі университеттер командалары ие болды: