22 желтоқсанда Еуразиялық туризм қауымдастығы Еуропалық Одақ SwithAsia бағдарламасының "Орталық Азиядағы тұрақты туризмнің MOST - әлеуетті құру, хабардарлықты арттыру, технологияларды енгізу" жобасы шеңберінде "экологиялық сертификаттау рәсімдері және тұрақты туризмді басқару мәселелері мен ұлттық деңгейдегі қауіптер мен үміттер"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға туристік саланың көшбасшылары, қауымдастықтар, жоғары оқу орындары, қонақ үйлер, туристік және консалтингтік компаниялар, экология саласындағы кәсіпқойлар мен сарапшылар, сондай-ақ латвиялық Ауылдық туризм қауымдастығының басшылары қатысты.
Astana Invest компаниясының атынан Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Адамбеков және туристік инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Саят Кусаинов қатысты.
Аталмыш іс-шараның қорытындысы бойынша туристік индустрияда экологиялық сертификаттауды және мемлекеттен нормативтік-құқықтық, қаржылық қолдауды енгізу қажеттігі анықталды.
Сонымен қатар, қатысушылар халықтың экологиялық сана деңгейін арттыру, қоршаған орта және оны қорғау әдістері туралы ақпаратты тарату бойынша шаралар аса маңызды екенін атап өтті.

