Қысқартуды ескере отырып, халықаралық рейстердің жаңа кестесі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында жарияланды. 26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстері 11 елге: Түркия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, БАӘ, Беларусь, Германия, Украина, Өзбекстан, Египет, Қырғызстан, РФ-ға орындалатын болады.
Авиарейстер аптасына 70 рейс жиілігімен 20 бағыт бойынша орындалады. Атап айтқанда, елордасынан келесі рейстер өз жұмысын жалғастырады:
1) Нұр-Сұлтан – Дубай – Нұр-Сұлтан (Air Astana – аптасына 3 рет, Fly Dubai - аптасына 3 рет);
2) Нұр-Сұлтан – Франкфурт – Нұр-Сұлтан (Air Astana - аптасына 3 рет);
3) Нұр-Сұлтан – Минск – Нұр-Сұлтан (Белавиа - аптасына 4 рет);
4) Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан (SCAT/ Air Astana – аптасына 1 рет);
5) Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан (Air Astana – аптасына 3 рет, Turkish Airlines - аптасына 3 рет);
6) Нұр-Сұлтан – Анталья – Нұр-Сұлтан (Air Astana – аптасына 2 рет);
7) Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Нұр-Сұлтан (Air Astana – аптасына 1 рет, Аэрофлот – аптасына 1 рет).