Бүгінде Нұр-Cұлтан қаласы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа енді, бұл қалада қатаң шектеу шараларын енгізу қажет дегенді білдіреді.
Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты рейстер саны аптасына 20-дан 10 ретке дейін қысқартылады.
Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған жаңа кестеге сәйкес орындалатын болады.
Қазақстандық және түрік авиакомпанияларының рейстер кестесіндегі өзгерістерді авиакомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде немесе авиабилеттерді сатып алу орны бойынша нақтылауға болады.