Нұр-Сұлтан Конвеншн Бюросы КазГЮУ студенттеріне онлайн режимінде дәріс өткізді

Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан Конвеншн Бюросы КазГЮУ студенттеріне онлайн режимінде дәріс өткізді
Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан Конвеншн Бюросы КазГЮУ студенттеріне онлайн режимінде дәріс өткізді
Нұр-Сұлтан Конвеншн Бюросы КазГЮУ студенттеріне онлайн режимінде дәріс өткізді

Бүгін 2020 жылдың 12 қарашасында Нұр-Сұлтан Конвеншн Бюросы КазГЮУ студенттеріне онлайн режимінде дәріс өткізді.

Әдістемелік дәрісті "Туризм" және "қонақжайлылық" кафедралары және студенттер мен Конвеншн Бюро қызметінің қатысумен ұйымдастырылды. Тақырыбы MICE-туризм саласымен таныстыруға бағытталған.

Асель Карбаева бюроның қызметі, іскерлік туризм саласындағы жұмыстың ерекшеліктері, сонымен қатар пандемия кезеңінде индустрия тап болып отырған қиындықтар және олардың шешімдері туралы айтып берді. Ол индустриядағы коммуникацияның рөліне ерекше назар аудара отырып, клиенттер мен серіктестердің түрлі санаттарымен жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп, коммуникативтік байланыстарды дамыту қажеттілігі туралы сөз қозғады.

Туристік индустрияның болашақ менеджерлері ретінде студенттер үшін қазіргі заманғы форматтағы дәріс кәсіптік бағдар беру және әлеуетті жұмыс берушілермен танысу тұрғысынан қызықты болды.

Қорытынды бойынша сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, онда студенттер маманға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз идеяларымен және ой-пікірлерімен алмасты .