Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы

Басты бет Жаналықтар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы
Басты бет Жаналықтар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы

2021 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында өңдеу өнеркәсібі үшін көптен күткен оқиға – «Kazakhstan Machinery Fair» машина жасау және металл өңдеу халықаралық мамандандырылған көрмесі және «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы» халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтеді.

«EXPO» ХКО басты көрме залында Қазақстан Республикасы мен жақын шет елдердің индустриялық даму саласындағы жетекші жобалары ұсынылатын болады. Аумағы 10 мың шаршы метр болатын көрмеде 200-ден астам компания машина жасау, тау-кен металлургия кешені, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және су индустриясы салаларындағы ең жаңа өнімдерді көрсетеді.

Іскерлік бөлімнің басты оқиғасы машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі шешуге арналған басты диалог алаңы – Қазақстан машина жасаушыларының IX форумы болады. Іскерлік бағдарлама шеңберінде барлығы 30-дан астам іс-шара, оның ішінде ҚР Үкіметі мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыс, панельдік пікірталастар, салалық конференциялар мен компаниялар басшыларының – жетекші өнеркәсіптік ойыншылардың, салалық қауымдастықтардың және бейінді мемлекеттік институттардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өтеді.

Іс-шара әлеуметтік қашықтықты, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды және «Ashyq» қосымшасы арқылы келушілерді қабылдауды қамтитын барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілмек.

Келушілерді алдын-ала онлайн тіркеу www.promweek.kz ресми сайтында жүзеге асырылады.