«Astana Invest» басқармасында жаңа төраға тағайындалды

Басты бет Жаналықтар «Astana Invest» басқармасында жаңа төраға тағайындалды
Басты бет Жаналықтар «Astana Invest» басқармасында жаңа төраға тағайындалды
«Astana Invest» басқармасында жаңа төраға тағайындалды

Кәкішев Жанболат Жандарбекұлы бұрын төраға қызметін атқарған Ержан Талғатұлы Балтаевтың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы лауазымына ауысуына байланысты «Astana Invest» басқармасының жаңа төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылдан бастап Жанболат Кәкішев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Мәскеу қаласындағы өкілдігін басқарды.
Бұрын 2018-2019 жылдары халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, сондай-ақ 2016-2018 жылдары жаңа инвестициялық жобалар департаментінің директоры қызметін атқарған. Әр жылдары CREERIS VENTURES бас венчурлық талдаушы және EXXONMOBIL DEVELOPMENT және Аджип ККО жобалар инженері болып жұмыс істеді.

Жаңа тағайындауыңызбен құттықтаймыз! Сізге жемісті жұмыс және жаңа табысты жобалар тілейміз!