Қазақстан Республикасы шекарадағы шектеу шараларын күшейтуде.
ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия осындай шешімдер қабылдады:
- Жұмыс визасы мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, сондай-ақ қазақстандықтардың отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер біздің Еліміздің шекарасын 90 тәулікте 1 рет (бұрын 30 тәулік болған) ғана кесіп өте алады.
- 2021 жылдың 1 мамырына дейін 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді келуін тоқтату ұзартылды. Ал 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін Қытай мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағаттық визасыз жүруін әзірше тоқтатылды.
- Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын 9 қарашадан бастап аптасына (бұрын 33 рейс) 20 рет ғана ұшатын болады .