Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен екіжақты ынтымақтастық талқыланды

Басты бет Жаналықтар Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен екіжақты ынтымақтастық талқыланды
Басты бет Жаналықтар Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен екіжақты ынтымақтастық талқыланды
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен екіжақты ынтымақтастық талқыланды

Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесті. Ынтымақтастық үшін әлеуетті салалар арасында білім беру, ауыл шаруашылығы және медицина саласындағы инвестициялық жобалар, сондай-ақ туризмді дамытуға және екі республика арасындағы бауырластық қатынастарды нығайтуға бағытталған жобалар атап өтілді.

Сонымен қатар, тараптар «Нұр-Сұлтан және Анкара қалалары арасындағы виртуалды портал» жобасын талқылады.

«Биылғы жылдың маңызды оқиғасы біздің мемлекеттілігіміздің мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы болып табылады. Түркия Республикасы еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып мойындады», - деп атап өтті Ержан Балтаев.

Түрік тарапына Astana Invest компаниясының қызметі, елордада инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ қаланың «Visit Nur-Sultan» серіктестік бағдарламасы таныстырылды.

Сонымен қатар, тараптар Нұр-Сұлтан қаласында жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ шетелдік туристерді тартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды талқылады.