Ағымдағы жылдың 24 наурызында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдерді қабылдады:
- үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;
- медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;
- адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;
- білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.
Бұл шешім 2022 жылғы 25 наурыздан бастап күшіне енеді.