Қазақстан Республикасы 2022 жылы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (World Boxing Council) беделді конвенциясын қабылдайды.
Дүниежүзілік бокс кеңесінің 59-шы конвенциясында келесі жылы Қазақстанда іс-шара өткізу туралы шешім қабылданды. SULEIMEN promotions командасы ел аумағында WBC мерейтойлық 60-шы конференциясын өткізу бойынша өз жобасын сәтті қорғады.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (World Boxing Council; WBC) - кәсіпқой бокс ұйымы. 1963 жылы он бір ұлттық бокс ұйымы құрған: Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Венесуэла, Мексика, Панама, Перу, АҚШ, Филиппин, Франция, Чили.
Толық ақпарат ресми сайттан таба аласыздар:
https://wbcboxing.com/en/next-wbc-convention-in-kazakhstan/