Қазақстан АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын іске қосады
Қасым-Жомарт Тоқаев ««Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. ⠀
Алдында хабарланғандай, келісімнің негізгі мақсаты Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру болып табылады. ⠀
Бұл келісім, ел тарихында алғашқы ашық аспан, яғни кез келген қазақстандық авиакомпания Қазақстанның кез келген қаласынан АҚШ-тың кез келген қаласына шексіз жиілікпен жолаушылар ұшуын, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункттер арасында жүк ұшуларын орындай алады. ⠀
Алайда әзірге Қазақстанда екі ел арасында тікелей рейстерді орындау үшін тиісті ұшақтар жоқ. Пандемия салдарынан Boeing әуе кемелерін жеткізуді 2025 жылға ауыстырды.