Astana Marathon 2021

Astana Marathon 2021

26 қыркүйек күні елордамызда Astana Marathon 2021 жүгірісін сүйетіндер үшін көптен күткен оқиға болды. Бұл марафон қайырымдылық марафоны болып табылады, жиналған барлық қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жабдықтар сатып алуға жұмсалады. 42.2 км және 10 км қашықтықтағы қазіргі марафон 2019 жылы World Athletics ұйымы берген «қола» мәртебеге ие.

Марафонға жас та, аға буын да, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен шетелдік азаматтар қатысқаны қуантады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Visit Nur-Sultan» Серіктестік бағдарламасы аясында Astana Marathon Events компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын, оның мақсаты іскерлік және спорттық іс-шараларды өткізу болып табылады. Бүгінгі жарыс болашақта осындай іс-шараларға жол ашты.

«Марафонда ең бастысы мәреге бірінші болып келетін адам емес, процестің өзінен ләззат алатын адам! Өйткені, жүгіру және үнемі спортпен шұғылдану денсаулыққа жағымды әсер етеді, иммундық жүйені нығайтады! Әрбір қатысушы - жеңімпаз, өйткені табандылық пен жаттығудың арқасында кедергілерді еңсере алды», - деп хабарлады елорда әкімі Алтай Көлгінов.