«Туризмдегі инвестиция» тақырыбына дөңгелек үстел

Басты бет Жаналықтар «Туризмдегі инвестиция» тақырыбына дөңгелек үстел
Басты бет Жаналықтар «Туризмдегі инвестиция» тақырыбына дөңгелек үстел
«Туризмдегі инвестиция» тақырыбына дөңгелек үстел

Astana Invest кеңсесінде «Creative&innovation Institute» және «Kazakh Tourism» компанияларының, Қазақстан Туристік қауымдастығының, Қазақстанның балық шаруашылығы қауымдастығының, «Туризм Центр Севастополь», «Колесо Жизни», «Солвекс Групп», «Киви» және «Бизнес-Геометрия» компанияларының қатысуымен «туризмге инвестициялар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Кездесу барысында туризм саласының әлемдік пандемиядан шығуына қатысты шаралар талқыланды. Қатысушыларға елордадағы туристік секторды қолдау шаралары ұсынылды. Сондай-ақ, халықаралық бағыттарға шектеу қою кезеңінде ішкі туризм деңгейі өскені атап өтілді. Бұл ретте туристер ағынын сақтап қалу және шетелдік туристердің қызығушылығын арттыру үшін инвестициялар тарту арқылы инфрақұрылымды дамыту қажет.

Astana Invest елордадағы медициналық туризм, Іскерлік туризм, сауда, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және т.б. басым бағыттар бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірлейді.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған салалар бойынша 54 тизер әзірленді. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі туризм саласын бүкіл ел экономикасын дамытудың басым салаларының бірі ретінде белгілеген болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Нұр-сұлтан қаласының туристік әлеуетін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.