Түрік бизнес өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында

Басты бет Жаналықтар Түрік бизнес өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында
Басты бет Жаналықтар Түрік бизнес өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында
Түрік бизнес өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялық және туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Astana Invest компаниясы Air Astana әуекомпаниясымен бірлесіп Түркияның туризм саласындағы бизнес өкілдері үшін таныстыру турын (fam trip) ұйымдастырды.

Түрік делегациясының құрамына OCT Turizm MICE агенттігінің, Adriyatik Tourism, SKYhub/H.I.S Tourism, Gezinomi өкілдері, сондай-ақ түрік блогері Мехмет Алтай кірді. Бұл компаниялар халықаралық туризм саласында қызмет көрсетеді және іскерлік іс-шараларды ұйымдастырушылар болып табылады.

Таныстыру турының бағдарламасына сәйкес түрік делегациясына қаланың конгрестік-көрме әлеуеті мен нөмірлік қоры, қазақтардың мәдени мұрасы ұсынылады, сондай-ақ іскерлік байланыстар орнату үшін жергілікті компаниялармен кездесу ұйымдастырылады.

Таныстыру турларының (fam trips) басты мақсаты астананы MICE-туризмнің бағыты ретінде ілгерілету, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылардың қаланың туристік әлеуеті туралы хабардарлығын арттыру және Нұр-Сұлтан қаласына іскерлік іс-шараларды тартуға жәрдемдесу болып табылады