31 мамырдан 2 маусымға аралығында Майндағы Франкфурт (Германия) қаласындағы Messe Frankfurt көрме кешенінде оқиғалық пен іскерлік туризм мен конгресс-менеджмент саласындағы халықаралық көрме - IMEX 2022 өткізіледі. Нұр-Cұлтан қаласының туристік әлеуеті «Қазақстан» стендінде, «Kazakh Tourism»ҰК» АҚ және еліміздің туристік саласының жетекші өкілдерімен бірлесіп ұсынылатын болады.
IMEX Frankfurt 2022 Қазақстан стендінің жұмыс бағдарламасында ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шетелдік туристік агенттіктер мен департаменттердің, халықаралық туристік бюролардың, қонақ үйлердің, конгресс-орталықтар мен агенттіктердің өкілдерімен 100-ден астам жеке іскерлік кездесулер көзделген. Сонымен қатар, стендте Халықаралық Туризм индустриясы операторларының менеджменті үшін Нұр-Сұлтан қаласының топтық тұсаукесерлері жоспарланған.
Кездесулер аясында көрме қатысушылары мен қонақтарына елорадмыздың MICE-индустриясының мүмкіндіктері, оның ішінде басты конгресс-көрме алаңдары, қалалық маршруттар, орналастыру және тамақтандыру орындары, ең қолайлы инсентив-турлар және қосымша опциялар ұсынылады.
IMEX Frankfurt - іскерлік және оқиғалық туризм саласындағы ірі халықаралық мамандырылған көрме. Көрмеге жыл сайын 172 елден 3400-ден астам экспонент, 83 елден 3817 шақырылған іс-шара ұйымдастырушылары және әлемнің 70 елінен 14 мың келуші қатысады.