Ағымдағы жылдың 26 тамызында Rixos President Astana қонақ үйінде Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдары, туризм және сервис индустриясының бизнес-құрылымдары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қазақстан үшін жаңа бағыт - медициналық туризмді дамыту құралдары ұсынылды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты медициналық туризм саласындағы ағымдағы жағдайды, проблемалық мәселелерді және даму перспективаларын талқылау.
Медициналық туризмді атап кете отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев бірінші кезекте стоматологияны ерекшеледі. Бұдан басқа, медициналық туристер үшін басты бағыттардың ішінде кардиохирургия, нейрохирургия, ағзаларды ауыстырып салу, ЭКО, пластикалық хирургияны бөліп көрсетуге болады.
Ол сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы жеті әлемдік сапа стандарттарына сәйкес қызмет көрсететінін медициналық ұйымдарды және JCI (Joint Comission International) халықаралық аккредитациясына ие екенін атап өтті. Бұл жерлерде жыл сайын 5 мыңға жуық шетелдік пациент қызмет алады: олар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген туристер. Енді Қазақстан медициналық туристерді тарту үшін елдер тізімін кеңейтуді мақсат етіп отыр.
Іс-шара аясында қазақстандық медициналық туризм қауымдастығын ашу идеясы ұсынылды. Қауымдастық сырттан келушілер туризмін дамытуға ықпал етіп, оны дамыту үшін қажетті барлық салаларды біріктіретін болады.