Туризм индустриясы covid-19 пандемиясынан кейін біртіндеп қалпына келуде және жойылған немесе кейінге қалдырылған халықаралық іс-шаралар барлық адамдарға есігін айқара ашады.
9-12 ақпан аралығында Стамбулда (Түркия) әлемдегі ең ірі көрменің бірі - Emitt Istanbul 2022 (East Mediterranean International Tourism & Travel Exhibition - Шығыс Жерорта теңізі туризм және Саяхат халықаралық көрмесі) өтті.
Маңыздылығы жөнінен әлемдегі бесінші туристік көрмеге өткен жылы әлемнің 103 елінен 842 экспонент және 44 000-нан астам келуші қатысты.
Көрмеде елдердің павильондары, жазғы және қысқы туризм, ашық ауада демалысты насихаттайтын туристік бағыттар, қонақ үйлер мен туристік орталықтар, туроператорлар, турагенттіктер және т.б. ұсынылды.
Аталған іс-шараның негізгі тақырыптары Туризм экономикасы, туристік сектордың дамуын айқындайтын үрдістер, Туризмдегі белгілі бағыттар мен технологиялық инновациялар болды.