2022 жылы 7 Жастар форумы (WPC) Қазақстанда өтеді

Басты бет Жаналықтар 2022 жылы 7 Жастар форумы (WPC) Қазақстанда өтеді
Басты бет Жаналықтар 2022 жылы 7 Жастар форумы (WPC) Қазақстанда өтеді
2022 жылы 7 Жастар форумы (WPC) Қазақстанда өтеді

Бүгін сіздермен керемет жаңалықпен бөліскелі отырмыз! Қазақстан 2022 жылдың қазан айында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (World Petroleum Council - WPC) жастар форумын өткізу құқығына ие болды. Іс - шара еліміздің ғылыми, мәдени және тарихи орталығы-Алматы қаласында өтеді.

Жас мамандар энергетиканы қайта құру саласында әлемдік мұнай-газ секторының болашағын айқындайды, сондықтан Дүниежүзілік мұнай кеңесі өзінің жаһандық салалық қауымдастығында жастардың дауысы мен перспективаларын күшейтуге бұрыннан ерекше мән беріп келеді. Үш жыл сайын WPC Жаһандық жастар форумы жас мамандар мен студенттерді , бүкіл әлемнің сала көшбасшыларымен және сарапшыларымен өзара іс-қимыл жасау үшін бірегей платформаны ұсынады.

Іс-шараны «Қазақстандық «Кazenergy» Мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы» ұйымдастырады.

Дүниежүзілік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) - Біріккен Ұлттар Ұйымының жанында аккредиттелген коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты мұнай және газ өнеркәсібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін жаһандық алаңды қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш кеңес 1933 жылы Лондон қаласында құрылған, ДМК мүшелері мұнай мен газды жалпы әлемдік өндіру мен тұтынудың 95% - дан астамын білдіретін 65 ел болып табылады.