Қатысушылар саны: 250
Категория: Конференция
Байланыстар: +7 (7172) 57-25-05
Іс-шара сайты: https://inqaahe2023.iqaa.kz/
Электрондық адрес: inqaahe2023@iqaa.kz
Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісі (INQAAHE) Қазақстанда екі жылда бір рет өтетін (биеннале) өзінің 17-ші конференциясын өткізеді. Оны ұйымдастыру құрметі Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігіне (IQAA) сеніп тапсырылды.
INQAAHE конференциялары халықаралық деңгейде жоғары білім беруді дамыту мен сапасын арттыру мақсатында бір-бірінен және халықаралық ой көшбасшыларынан үйрену мүмкіндігі және ұжымдық пікірталастар алаңы ретінде қызмет етуге арналған.
Конференция тақырыбы "ЮНЕСКО-ның 2030 жылға дейінгі "Шектеулерден тыс: жоғары білім беруді қайта қарастырудың жаңа тәсілдері" жол картасын" іске асыруды қолдаудағы сапаны бағалаудың рөліне, сондай-ақ "инклюзивті және тең құқықты сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін" қамтамасыз ету бойынша тұрақты даму мақсатымен байланысты мәселелерді шешуге арналған (ТДМ 4).
Пандемия, қақтығыстар, климаттық төтенше жағдайлар және экономикалық дағдарыстар әлем халқының кең тобының жоғары білімге тұрақты және әділ қол жетімділігіне қауіп төндіреді. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар, икемді оқыту жолдары, интернационалдандырудың инновациялық тәсілдері және инклюзивті білім беру тәжірибесі сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және кеңейту және өмір бойы білім алуды қолдаудағы өз әлеуетін көрсетті.
Бұл сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер ЮНЕСКО-ның 2030 жылға дейінгі "Шектеулерден тыс: жоғары білім беруді қайта қарастырудың жаңа тәсілдері" жол картасында тұжырымдалды, ол "ойлауды, диалогты және трансформациялық әрекеттерді жаңартуға шұғыл шақыруды" білдіреді, "ашық, инклюзивті, әділ және ынтымақтастыққа негізделген жоғары білім беру жүйелерін бірлесіп құру үшін бағдарларды" белгілейді.
INQAAHE 2023 конференциясы жоғары білімге қол жетімділікті кеңейтудің жаһандық күн тәртібін қолдау үшін инновациялық, икемді және инклюзивті шешімдер бағытында осы жол картасы бойынша ілгерілеуді қолдау үшін сапаны бағалау атқара алатын және атқаруға тиіс рөлді талқылау платформасын ұсынуға бағытталған.