Астанадағы синагога - орталық Азиядағы ең үлкен синагога.Оның халқының көбі ислам дінін ұстанатын елде ашылуы Қазақстанның дін саласындағы саясатының нақты көрінісіндей болды.
Синагоганың жобалануы мен құрылысы Евро-Азиялық еврейлер конгресінің қаржысы арқылы жүзеге асырылды. Синагоганың жалпы аумағы 5,6 шаршы метр, Шатырына орнатылған Давид жұлдызына дейінгі биіктігі 25 метр. Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан астанасының тарихында тұңғыш рет Тора бүктеме қағазы толықтырылып жазылып, жаңа синагогаға енгізілді. Синагогаға қазақстандық кәсіпкер Михаил Зайдман сыйлаған бұл бүктеме қағаз Израильда арнайы "Бейт Рахель – Хабад Любавич» синагогасына жазылған екен. Оның соңғы әріптерін қазақстандық еврей қауымының құрметті мүшелері, Астанадағы шетелдік раввиндер жазды.
Астана қ., Пушкин к-сі, 8, +7 (7172) 37-67-70