Бүгін Нобель сыйлығының иегерлері мен әлемдік ғалымдар жиналған Nobel Fest фестивалі басталды. Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллекттен бастап климаттың өзгеруіне, болашақ экономикаға, стартаптар мен еңбек нарығына, ғылымның жаңа қырлары мен адамзат болашағына дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Осының барлығы Нобель сыйлығының, «Серпін» (ғылыми «Оскар») сыйлығының лауреаттары, зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтар және басқа да прогрестің қозғаушы күштері келеді.
Дискурсқа Нобель сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг қатысып, өзінің жаһандық жылыну салдары туралы көзқарасымен бөліседі.Герд Леонгард және Мартин Везовски сияқты әлемге әйгілі футурологтар біздің болашақтан қорқынышымыз бен үмітімізді талқылайды. Силикон алқабының гурусы, Вивек Вадхва үнемі өзгеретін ортада классикалық бизнесті не күтіп тұрғаны туралы пікірталасқа қатысады. Ал әлемдегі ең ықпалды автокөлік дизайнері, Mini Cooper, BMW X5, Ferrari F430, Maserati дизайн концепцияларын жасаушы, Франк Стивенсон дизайнының (FSD) негізін қалаушы Фрэнк Стивенсон автомобиль өнеркәсібі мен өнеркәсіптің болашағы туралы әңгімелейді.
Айта кетерлігі, фестиваль қонақтары ғылыммен қатар,Нобель фестивалі кезінде танымал қазақстандық пианист Ратовичтің ауқымды қойылымын тамашалайды.
Фестиваль қатысушылары Нобель сыйлығының лауреаттарынан жеке сертификаттарына иә бола алады. Тыңдаушыларға ыңғайлы болу үшін баяндама жасаушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне ілеспе аудармасы қамтамасыз етіледі.
Шара 2 күн (5-6 қазан) өткізіледі. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, Астана қ., Әлихан Бөкейхан көшесі, 1А. Билеттер бойынша кіру.