Басты бет Жаналықтар ҚР садақ ату, арбалет және дартс федерациясымен кездесу
Басты бет Жаналықтар ҚР садақ ату, арбалет және дартс федерациясымен кездесу
ҚР садақ ату, арбалет және дартс федерациясымен кездесу

Бүгін туризмді дамыту департаменті мен Қазақстан Республикасының Садақ ату, арбалет және дартс федерациясының кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты - біздің қаламызда Бүкіләлемдік садақ ату федерациясының (World Archery) іс-шараларын тарту және ұйымдастыру бойынша бірлескен өтінімдерді беру мүмкіндіктерін талқылау болды.

Федерацияның Бас хатшысы Айнұр Тыртықаева Олимпиадалық құраманың жоспарлары туралы айтып, Қазақстан Федерациясының халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласының MICE-туризм индустриясы таныстырылды: жоспарлары, мақсаттары, және міндеттері баяндалды. Сонымен қатар, дүниежүзілік федерацияның іс-шараларын біздің қаламызға тарту перспективалары, сондай-ақ мақтаныштың және жалпы елдің имиджі үшін осындай ауқымдағы іс-шараларды өткізудің пайдасы талқыланды.