Бүгін, 22 ақпанда Astana Invest кеңсесінде Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев "Kazakh Tourism” ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевпен кездесті.
Кездесу компаниялардың қызметін, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының туристік саласын дамыту және ілгерілету перспективаларын талқылауға арналды.
Қазақстан туризмін, атап айтқанда, елорданың Іскерлік туризм саласын ілгерілету, туристік секторға инвестициялар тарту, сонымен қатар бірлескен инфрақұрылымдық және имидждік жобалар құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.