#VenuesNS: Халықаралық көрме орталығы

Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: Халықаралық көрме орталығы
Басты бет Жаналықтар #VenuesNS: Халықаралық көрме орталығы
#VenuesNS: Халықаралық көрме орталығы

«EXPO» ХКО- бұл ірі көрмелерді, конгрестік іс-шараларды және басқа да маңызды кездесулерді өткізуге арналған көпфункционалды бизнес-арена.

Көрме залы ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес салынған, сонымен қатар заманауи байланыс құралдарымен, инженерлік коммуникациялармен және ыңғайлы кірме жолдармен жабдықталған. Бағандарсыз павильонның конструкциясы көрме стендтерінің стандартты және эксклюзивті құрылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тапсырыс берушінің талабы бойынша бөлгіш конструкцияларды орнатуға болады.

Көрме oрталығының жалпы ауданы - 22,589 м2, көрме залының ауданы - 11,844 м2, төбенің биіктігі-12 м. Негізгі кеңістікің жалпы ауданы 923 м2 , VIP алаңдар мен үлкен 4 конференц-залмен қамтылған. Аталмыш мекенде 2,136 м2 болатын 4 үлкен залды, бірнеше келіссөздер бөлмесі, Бұқаралық Ақпараттар Құралдарына арналған бөлмері мен бірнеше тамақтану аймағын ұсынады.

Телефон: Жанайдарова Ботагоз +7 701 805 88 78, +7 (7172) 91 71 72; +7 (7172) 91 71 76; +7 (7172) 91 70 89;
Мекен-жайы: Мәңгілік Ел даңғылы 53/1
Виртуалды 3D-тур арқылы шолу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: 
https://www.nursultancb.com/VR/AstanaEXPO-2017/index.html#pano18326/12.0/0.3/90.0