AККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ (IAAR) сізді 2021 жылдың 1-2 қазанында Нұр-Cұлтан қаласында, аралас (онлайн және офлайн) форматта өтетін, IAAR 10 жылдығына арналған «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жаһандық тенденциялар және аймақтық аспектілер» атты V Орталық Азиялық халықаралық форумына қатысуға шақырады.
Жыл сайынғы форум сапа мәдениетін дамытуға септігін тигізетін білім, еңбек нарығы және тұтастай қоғам өкілдері арасындағы конструктивті өзара әрекеттесуге ықпал ететін халықаралық ұйымдар мен агенттіктер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамытудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ, аккредиттеу және рейтингтік зерттеулерді талқылауға бағытталады. Форумдағы пікірталастар мен нәтижелері білім сапасының әлеуетін жақсартуға өз әсерін тигізеді.
Форумға Қазақстан, Ресей, Латвия, Әзербайжан, Украина, Молдова, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілер, шетелдік аккредитация органдары, білім беру саласындағы халықаралық ұйымдар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер мен студенттер қатысады.
Қосымша ақпаратты форумды ұйымдастыру комитетінен алуға болады, e-mail: forum2021@iaar.agency, iaar@iaar.kz