Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құрылуы басталды

Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құрылуы басталды
Басты бет Жаналықтар Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құрылуы басталды
Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құрылуы басталды

Бұл ауданның аймағында бір-бірінен жақын қашықтықта орналасқан ойын-сауық кешендері, қонақ үйлер, туристік кеңселер және туризм нысандары жұмыс істейді.

Өткен жылы «Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құру» инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Ellington Group KAZ» Ltd компаниясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл компания нарықта 5 жыл жұмыс істейді және Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады, осындай жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар.

Жобаның құны шамамен 1 млрд, АҚШ долларын құрайды, ал іске асыру мерзімі - 2020 жылдан 2027 жылға дейін 7 жыл.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туристік саласында мақсат ретінде сырттан келетін туристер санын 9 млн адамға жеткізуді атап өткен болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жақын арада шетелдік және отандық туристер үшін ең тартымды орындардың біріне, сонымен қатар әлемдік этнотуризм орталықтарының біріне айналуы мүмкін.