Қазақстанның басты курорттық аймағында Бурабай шолу алаңы құрылысы аяқталды.
Ұлттық парктің негізгі көрікті жерлерін көруге болатын шолу алаңы Көкшетау тау тізбегіндегі Үш апалы-сіңлілі жартастан 135 метр биіктікте орналасқан.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағы бүгінде Қазақстанның туристік картасы бойынша TOP-10 объектілерінің бірі, cонымен қатар елдің бұқаралық туризмі үшін тартымды орны болып табылады. Көптеген көлдер, таулар, таза ауа, емдік саз, минералды бұлақтар Қазақстанның әр түкпірінен және көрші елдерден жүздеген туристерді тартады. «Бурабай» шипажайлары негізі тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолдары, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар тірек-қимыл аппараты ауруларын емдейді. Бұл аймақ - дала шөптері мен қылқан жапырақты ормандардың хош иістеріне қаныққан балшықпен, минералды сулармен және таза ауамен танымал.
Шолу алаңына көтерілу уақыты 30 минуттан аспайды.