Басты бет Жаналықтар Profi.Travel ұйымдастырған «Ресей-Қазақстан» туристік онлайн-көрмесі
Басты бет Жаналықтар Profi.Travel ұйымдастырған «Ресей-Қазақстан» туристік онлайн-көрмесі
Profi.Travel ұйымдастырған «Ресей-Қазақстан» туристік онлайн-көрмесі

9-13 қараша аралығында Profi.Travel аланыңда "Ресей-Қазақстан" туристік онлайн-көрмесі өтеді.

Халықаралық кәсіби онлайн-жоба Ресей мен ТМД елдерінің В2В аудиториясы арасында Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін ілгерілетуге бағытталған.

Онлайн-көрменің негізгі тақырыптары Қазақстанның пакеттік және өзекті туристік өнімі, пандемиядан кейінгі индустрияны қалпына келтіру, қазақстандық дестинациялардың туристік мүмкіндіктерін таныстыру, сондай-ақ тұтастай алғанда елдің MICE-туризмін дамыту болады.

Бағдарламаға Profi.Travel, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ, Air Astana және SCAT авиакомпанияларының, сондай-ақ екі елдің жетекші туроператорларының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, 12 және одан да көп онлайн-презентацияларды тікелей эфирде көретіндерге Қазақстанның туристік өнімі бойынша сарапшы дипломы беріледі!  Тіркелу мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://kz.profi.travel/