Нұр-Сұлтанда алты айлық үзілістен кейін «Нұр Әлем» сферасы жұмысын жалғастырады.
Бүгін, 7 қыркүйекте келушілерге есіктер ашылады. Мұражай жұмыс күндері 10.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Сегіз қабатты сфералық мұражайда «Ұлттық павильон», жаңартылатын энергия көздеріне - күн, жел, су, биомасса және кинетикалық энергияға арналған көрмелер, келушілер желдің әр түрлі жылдамдығын сезіне алатын жел аллеясы орналасқан. 8 деңгейде келушілерге Қазақстанның болашақ астанасының экспозициясы көрсетіледі.