«AstanaInvest» Басқарма төрағасының орынбасары Жалғас Молжігіт Нұр-Сұлтан қаласында медициналық туризмді дамытуды талқылау үшін "ALPHA MED GROUP" компаниясының басшысы Кристина Кривецпен кездесу өткізді.
«ALPHA MED GROUP» компаниясы бірнеше уақыт ішінде, шетел азаматтары үшін медицина орталықтарына арнайы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сапарларды ұйымдастырумен айналысады. Аталмыш компания пациенттерге медициналық мекемені және қажетті маман-дәрігерді іріктеуге, сонымен қатар виза алуға қажеттілік туған жағдайда, орналастыруға, трансферге және ары-бері алып жүруге көмектеседі.
Бүгінгі таңда осы тәжірибені медициналық туризм саласында жетекші болып табылатын барлық елдерде қолданылады. Оңтүстік Корея, Түркия, Израиль, Канада және басқалары ұқсас қызметтің арқасында емдеуді тағайындау кезінде басымдыққа ие.
Сонымен қатар, медициналық туристердің елордаға жайлы келуі үшін медициналық турпакеттерді қалыптастыру талқыланды. Мұндай ұсыныстарды жасау операторлар мен туристік компаниялардың да, елордалық клиникалардың да жан-жақты қатысуын талап етеді.
Соңында тараптар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық дестинация ретіндегі имиджін қалыптастыру үшін келісімге қол қою туралы шешім қабылдады.